Бангладеш ИЫҰ-дан Мьянма мұсылмандарының мәселесін шешуді сұрады
АСТАНА. ҚазАқпарат -Мьянмадағы мұсылмандар жаппай Бангладешке көшіп жатыр. Бүгін Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитінде аталған елдің басшысы Абдул Хамид босқындарға көмек беру жағынан қолдау жасауды сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бангладеш осы проблеманың бел ортасында отыр. Себебі көрші жатқан Мьянмадағы мұсылмандар жаппай біздің территорияға көшіп жатыр. Осыған байланысты мен барша әлем қауымдастығын, әсіресе, Ислам ынтымақтастығы ұйымын көмек беруге үндеймін. Олардың проблемасын шешу керек. Мұсылмандардың осы тобы туған жерлеріне оралуы тиіс. Олардың заңды құқықтарына, соның ішінде қауіпсіздігі мен тұрақты өміріне кепілдік берілуі шарт», - деп атап көрсетті Абдул Хамид.
Айта кетейік, саммит кезінде Түркия басшысы Реджем Тайып Ердоған мұсылмандар арасындағы білім беру мәселесін көтерді. Себебі бүгінде әлем бойынша мұсылмандардың жартысы сауатсыз . Сондай-ақ, ол баршы мұсылмандарды Мьянмадағы шиеленісті бірлесіп шешуге шақырды .