18:15, 10 Тамыз 2015 | GMT +5
Бангладеш полициясы жолбарыстар аулаған 6 браконьерді атып өлтірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бангладеш полициясы жолбарыстарды аулаған алты браконьерді атып өлтірген. Олар Сундарбан орманының оңтүстік батысында жойылып бара жатқан бенгал жолбарыстарын аулады деген болжам бар, деп хабарлады Sky News.
Полиция өкілінің сөзіне қарағанда, браконьерлер атыс кезінде қаза тапты.
Оқиғадан кейін үш жолбарыстың терісі табылды, деп хабарлады жергілікті полиция өкілі.
2015 жылы сәуірде Бангладеш пен Үндістан аумағындағы Сундарбанда 83-тен 130-ға дейін жолбарыстың осы түрі болған. Бұл 10 жыл бұрынғы көрсеткіштен шамамен 4 есеге аз.