Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Бангладеш президенті отставкаға кетуге өтініш берді

АСТАНА. KAZINFORM – Бангладеш президенті Мохаммад Шахабуддин Чуппу 24 шілдеде отставкаға кету туралы өтініш беріп, парламент спикері Хафиз Уддин Ахмедке хат жолдады, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

Мохаммад Шахабуддин Чуппу
Фото: Бангладеш президенті кеңсесі

– Менің денсаулығымда әртүрлі мәселелер бар, - деді Ш.Чуппу жергілікті БАҚ-қа отставкаға кету себебі туралы сұраққа жауап бере отырып.

Бангладеш Конституциясына сәйкес, Парламент спикері жаңа президент сайланғанға дейін президенттің міндетін уақытша атқарады.

Еске сала кетейік, Бангладеште ақпан айында парламент сайлауы өтті. Бұл – «Z ұрпағы» көтерілісінен және 2024 жылы премьер-министр Шейх Хасинаның биліктен кетуінен кейінгі алғашқы еркін сайлау.

Бұған дейін Бангладеште наразылық білдірушілер биліктен қуылған премьер-министр Шейх Хасинаның бұрынғы үйін, сондай-ақ оның партиясының басқа да мүшелерінің үйін қиратып, өртеп жібергенін жазған едік.

Бангладештің бұрынғы премьер-министрі өлім жазасына кесілді.