Бангладеште 200 жолаушысы бар кеме суға батып кетті
АСТАНА. 13 наурыз. ҚазАқпарат - Бангладештің оңтүстігінде бортында 200 жолаушысы бар кеме суға батып кетті.
Оқиға елдің Дакка астанасынан 32 шақырым жерде болған, деп хабарлайды жергілікті полицияға сілтеме жасай отырып Би-Би-Си. Қазіргі уақытта судан 35 адам құтқарылды, 150-ден астам жолаушы іс-түзсіз жоғалып кеткен.
Болжам бойынша екі палубалы Shariatpur-1 кемесі Мегхна өзенінің ортасында танкермен соқтығысқан. Оқиға орнына құтқару кемесі аттанды.
Айта кетейік, осыған ұқсақ оқиға Бангладеште 2011 жылдың шілде айында болған еді. Даккадан алыс жердегі Шиталакшя өзенінде жолаушылар кемесі мен мұнай танкері соқтығысқан. Бірнеше жолаушы жағаға дейін жүзіп барып, аман қалды. Дегенмен 8 адам суға батып кетті.
Алайда осы жолы құрбандардың саны әлдеқайда артығырақ болады деген болжам жасалып отыр. Себебі аталмыш Мегхна Бангладеш пен Оңтүстік-шығыс Азияның ірі өзендерінің бірі болып табылады, және кеме өзеннің тап ортасында батып кеткен.