Бангладеште автобус көпірден құлап, тоғыз адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бангладештің орталық бөлгінде көпірден автобус құлап, салдарынан тоғыз адам қаза тапты, 30-дан астамы жарақат алды, деп хабарлайды ресейлік РИА Новости.
None
None

Жергілікті Dhaka Tribune басылымының жазуына қарағанда, оқиға Мадарипур округінің Самаддар ауданында болған. Апатқа куә болғандардың айтуынша, автобус арна үстіне салынған көпірге шыға бергенде алдыңғы сол жақтағы дөңгелегі жарылған. Машина көпір жақтауын бұзып он метрге жуық биіктен құлап кеткен.

Зардап шеккендердің көбі ауыр халде жатыр. Аман қалған жолаушының бірі көлікте апат кезінде 60 адам болды деп мәлімдеген.

Соңғы жаңалықтар