Бангладеште бортында 50 жолаушысы бар паром суға батып кетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жексенбіде Бангладеште бортында 50 жолаушысы бар кішігірім паром басқа кемемен соқтығысуы салдарынан суға батып кетті. Кем дегенде бес адам қаза тапқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат Agence France-Presse-ке сілтеме жасап.
None
None

Агенттік мәліметінше, 11 адам құтқарылды.

«Жоғалғандардың нақты санын білмейміз», - дейді жергілікті билік өкілі. Құтқарушылар аман қалғандарды іздестіруде, дегенмен ауа райы қолайсыздығынан бұл қиынға соғып отыр.


Соңғы жаңалықтар