Бангладеште цемент зауыты қирап, ондаған адам үйіндінің астында қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бангладешде құрылысы жүріп жатқан цемент зауыты опырылып түсіп, кем дегенде бес адам қаза болып, ондаған адам іс-түссіз жоғалып кетті.

Бангладеште цемент зауыты қирап, ондаған адам үйіндінің астында қалды

Бұл туралы khabar.kz жазады. Полицияның мәліметінше, көпқабатты ғимарат ыдыраған уақытта іште шамамен жүзге жуық қызметкерлер болған. Үйінділер астынан қырықтан астам адамды аман алып шыққан, бірақ көбі жарақат алған. Басқаларының тағдыры әзірге белгісіз.

Қайғылы оқиға Бангладеш астанасы Даккадан оңтүстік-батысқа қарай орналасқан Монгла портты қаласында орын алды.