Бангладеште екі күнде найзағай түсіп 50-ден астам адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бангладеште найзағай түсіп 50-ден адам астам қаза тапты, деп хабарлады елдің полициясы.

Бангладеште екі күнде найзағай түсіп 50-ден астам адам  қаза тапты

Қаза тапқандардың басым бөлігі - күріш алаңында жұмыс істеп жатқан шаруалар.

Құрбандардың ішінде астаналық екі студент те бар, олар футбол ойнап жатқан. Манго жемісін жинап жүріп жай түсіп көз жұмды.

Бангладеште найзағай жиі кездесетін табиғи құбылыс. Алайда ол биыл жылдағыдан да күштірек болуда, деп жазады шетелдік БАҚ.

Сарапшылар зілзаланы орташа жылдық температураның өсуімен, ормандардың сиреуімен байланыстырады.