Бангладеште фабрикалық кешеннің опырылып құлауынан қаза болғандар саны 700-ге жетті

АСТАНА. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Соңғы мәліметтер бойынша, Бангладеште Rana Plaza фабрикалық кешенінің опырылып құлауы салдарынан қаза болған адамдардың саны 700-ден асты.
None
None

Бұл туралы ВВС хабарлады.

Екі апта бұрын құлаған сегіз қабатты ғимараттың қирандылары астынан адамдардың денелерін шығару жалғасуда.

Төрт тоқыма фабрикасы жұмыс істеген ғимараттың құлауы Бангладеште жұмысшылардың жаппай наразылығын тудырды.

Тоқыма фабрикаларының жұмысшылары бір аптадан астам уақыт бойы жұмыс берушілердің зауыттарда қауіпсіздік ережелерін сақтамауына қарсы наразылық білдірді. Халық ел премьер-министрі оларды өздерінің жұмыстарына оралуын өтінген соң ғана басылды.

Кешеннің құлауына байланысты тоғыз адам қамауға алынды.

Соңғы жаңалықтар