01:37, 22 Ақпан 2016 | GMT +5
Бангладеште ИМ содырлары дін қызметшісін бауыздап кеткен
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бангладештің солтүстігінде «ИМ» содырлары индуизм дінінің пірәдарын бауыздап кеткен, оған шабуыл жасау кезінде қаскөйлер екі адамды қоса жаралаған, деп жазады Би-би-си.

Шабуылды екі адам жасаған. Олар пышақпен және мылтықпен қаруланған. Оқиға пірәдардың Панчагарх округіндегі ғибадатхана қасындағы үйінде, таңертең болған. Осы кезде шіркеуге келген екі адам пірәдарға араша түспек болған, алайда содырлар оларды да аямаған.
Бангладеш билігі «Ислам мемлекеті» ұйымының елде еш ықпалы жүрмейді деп сендіреді.