Бангладеште кемеге соғылған қайық аударылып, 5 адам ажал құшты

ДАККА. Синьхуа-ҚазАқпарат - Дакка маңындағы Тураг өзенінде жүк кемесімен соқтығысқан қайықтың аударылуы салдарынан кемінде бес адам қаза тапты. Бұл туралы ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бангладеште кемеге соғылған қайық аударылып, 5 адам ажал құшты

Жергілікті жедел көмек қызметінің кезекші офицерінің айтуынша, апат жексенбіде 18 адамы бар қайық пен жүк кемесінің соқтығысуы салдарынан болған.

Агенттік офицердің сөзіне сілтеме жасай отырып атап өткендей, «қазіргі уақытта құтқарушылар үш ұл, бір әйел мен бір қыздың денесін судан алып шықты». Бірнеше адам хабар-ошарсыз кеткен.

Мамандар бұл апаттардың көпшілігін қайыққа техникалық қызмет көрсетудің нашарлығы, қауіпсіздік стандарттарының сақталмауы және кептелген кемелер кептелісінің көптігімен байланыстырады.