Бангладеште найзағай соғып, 18 адам қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бангладеште өткен аптада жай түсіп, кемінде 18 адам қаза тауып, 15 адамды күйік шалды.
Бұл туралы апат салдарын жою департаментінің директоры Халид Махмуд мәлімдеп, халықты абай болуға шақырды, деп хабарлады ТАСС.
«Тек өткен тәулікте Бангладештің біраз аудандарында күшті найзағай жарқырауы салдарынан жай оты түсіп, кемі 18 адам көз жұмса, 15 мыңнан астам адам зардап шекті. Олардың басым бөлігі бұл уақытта далада жүрген», - деген оның сөзін келтіреді ұлттық bdnews24.com. телеарнасы.
Найзағай әсіресе егістік алаңдары мен балықшылар жұмыс істейтін орындарға түскен. Тәулік ішінде қаза болғандар арасында сегіз балықшы, алты фермер бар.