13:22, 26 Ақпан 2009 | GMT +5
Бангладеште шекарашылардың бүлігі кезінде 50 адам қаза тапты
ДАККА. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат – Бангладеште шекарашылардың бүлігі кезінде 50 адам мерт болды. Әскерилердің хабарлауынша, шекарашылар бүлік шығарып,
өз командирлерін кепілдікке алған. Билік бүлікшілерге рақымшылық жасауға уәде бергеннен кейін ғана олар қару-жарақтарын тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Естеріңізге сала кетейік, Бангладеш елордасы Дакка қаласында жалақыларын азсынған шекарашылар өз гарнизондарында ереуіл ұйымдастырады. Өкімет бүлікті армия бөлімшелерінің көмегімен баспақ болған. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, шекарашылар өз әскери бөлімдерінің аумағында орналасқан мәжіліс залында жиналыс өткізіп жатқан офицерлерді кепілдікке алған. Оған қоса, әскери бөлімнің жанында орналасқан сауда орталығын да басып алған.