Бангладеште жергілікті университеттің профессорын көшеде бауыздап кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бангладеште университет профессорын жұмысқа бара жатқан жолда бауыздап кеткен. Соңғы айларда Бангладеште бірнеше атақты блогерлер, атеистер мен мемлекет құрылымының зайырлы үлгісінің жақтастары өлтірілді.

Бангладеште жергілікті университеттің профессорын көшеде бауыздап кетті

58 жастағы ағылшындық оқытушы Резаул Карим Сиддик өз үйінің жанындағы аялдамада автобус күтіп тұрған кезде оған белгісіз біреулер шабуылдап, пышақпен бауыздап кеткен.

Полиция Франс пресске оның мойны үш жерден кесілгенін мәлімдеді.

Оны өлтірген Бангладештегі қоғам өкілдеріне шабуылдайтын исламшылар болуы мүмкін. Бірінші кезекте, олар атеистік көзқарасты жария қуаттағандарға шабуыл жасаған. Оларды да дәл осылай бауыздап өлтірген.

Сиддик бірқатар мәдени шараларға қатысқан және бұрын исламшылар мекендеген Багмара қаласында музыкалық мектеп ұйымдастырған, ол өлең әңгімелер жазған. Жергілікті журналдың редакторы болған. Әріптестерінің айтуынша, ол діни тақырыпта мәлімдеме жасамаған.