Бангладеште жүздеген жолаушысы бар паром суға кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бангладештің оңтүстік батысындағы Кумар өзенінде 100 жолаушысы бар паром суға кетті, деп хабарлайды Қытайдың Синьхуа агенттігі.

Бангладеште жүздеген жолаушысы бар паром суға кетті

Оқыс оқиға ел астанасы Даккадан 65 шақырым жерде, кеше кешке сағат 20.00-де болды. Басқа кемеге соғылған паром су түбіне кетіп, бір адам қаза тапқан, қалғандары із-түссіз кетті деп жарияланды.

«Паромда болған әйелдің бірі жағаға жүзіп шыққан, алайда ол ауруханада көз жұмды», - деп мәлімдеді құтқарушылар. Қазір іздестіру-құтқару операциясы жүргізіліп жатыр.