Бангладештегі суға батқан паром құрбандарының саны 15 адамға жетті

АСТАНА. Қарашаның 28-і. ҚазАқпарат - Бангладештің оңтүстігінде жартылай суға батқан паром құрбандарының саны сенбі күні 15 адамға жетті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап.

Бұған дейін оқиға салдарынан екі адамның мерт болғаны хабарланған болатын.

Жұма күні, бортында мыңға жуық адамы бар Coco-4 аса үлкен паромы Бхола аралындағы өзен порттарының бірінде адамдар түсіп жатқан кезіне суға жартылай батып, бір жағына қарай қисаяды.

Полиция өкілі Сайф ул-Исламның (Saiful Islam) айтуынша, жоғалғандар кеменің ішінде - су астында қамалып қалуы мүмкін.

Құтқару операциялары жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар