08:30, 12 Қаңтар 2010 | GMT +5
«Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамының басқарма мүшесі М.Рахымбаевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылданды
АСТАНА. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат - Құнды қағаздары Қазақстандық қор биржасының ресми тізіміне кіретін «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы Қорға ресми хат жолдап,

басқарма мүшесі, басқарма төрағасының орынбасары Медет Рахымбаевтың басқа жұмысқа ауысуына байланысты Банктің директорлар кеңесі оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдағанын хабарлады.
Осыған байланысты қазіргі уақытта Банк басқармасының құрамында төмендегілер қалды:
1. Владислав Сединович Ли - басқарма төрағасы;
2. Мақсат Қабыкенұлы Әлжанов - басқарма төрағасының орынбасары;
3. Бұлан Әділханұлы Әділханов - басқарма төрағасының орынбасары;
4. Jae Kwan Yoon - басқарма төрағасының орынбасары;
5. Yoon Sik Jung - басқарма төрағасының орынбасары;