Банк ісі академиясы Малайзияның екі университетімен өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойды

АЛМАТЫ. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыда Банк ісі академиясы (АБІА) мен Малайзияның екі университеті арасында әріптестік туралы меморандумға қол қойылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Меморандумға қол қойған қос университеттің бірі Танаго Ұлттық университеті Малайзияның алғаш ашылған ірі жекеменшік оқу орындарының бірі. Ал екінші оқу орны Куала-Лумпур университеті машина жасау саласында жетекші оқу орны саналады.

АБІА-ның президенті Ләзиза Айтбаеваның айтуынша, меморандум Елбасының Қазақстанға исламдық қаржы құралдарын енгізу туралы тапсырмасының талаптарына сай келеді. «Бұнымен қатар, бұл біздің студенттерімізге блім саласында үлкен мүмкіндіктер береді», дейді АБІА-ның президенті.

«Кез-келген мемлекеттің дамуына, болашағына ықпалы зор білім саласында өзара әріптестік туралы меморандумға қол қою өте маңызды. Бүгінгі меморандум екі жаққа да пайдасы зор деп ойлаймын. Малайзия кезінде білім саласына үлкен көлемде қаржы салған болатын. Қазіргі кезде әлемнің көптеген елдерінен студенттер білім алуда. Олардың қатарында 200-ден астам қазақстандық студент бар», дейді Малайзияның Қазақстандағы елшісі Дато Сау Чин Хон.

Соңғы жаңалықтар