Банк карточкаларын ұстаған соң қолды жақсылап жуу керек

АСТАНА. 18 қазан. ҚазАқпарат - Банкомат карталары – нәжіс патогендерін тасымалдаушы.
None
None

Лондондағы патшайым Мария университеті мен Гигиена және тропикалық медицина мектебі­нің мамандары карточкаларды тұтынған соң қолды жақсылап жууды естен шығармауға кеңес береді. Бұл туралы Алаш айнасы газеті хабарлайды.

Газеттің жазуынша, ағылшын зерттеушілері 272 адамды қатыстырып, сынақ жүргізген. Соның нәтижесіне қарағанда, қол­даныстағы әрбір оныншы банк кар­точкасында лас жұғындылар іздері болады екен. Мұндай зиянды да қауіпті микробтар банкоматтан алын­ған әрбір жетінші қағаз ақша­дан табылады. Ғалымдар банк­ноталарды ластануы жағынан унитаз ернеуіне теңестіреді. Сынаққа қатыс­қан адамдардың 26%-ының қо­лынан банкомат карточкаларынан жұққан бактериялар анықталды. Әсіресе, E.coli және Staphylococci микроағзалары. Респонденттердің 39%-ы банкомат карточкасын ұс­таған соң қолын жуатынын айтса, көпшілігі оны лас зат деп есепте­мейтін болып шықты. Бұған қоса, мамандар зерттеу барысында «бан­коматтан соң қолымды жуамын» деп айтқандардың біразының шын мәнінде олай істемегенін байқаған.

Соңғы жаңалықтар