21:16, 25 Ақпан 2009 | GMT +5
Банк қателігінен Швеция тұрғынының шотына $1 млрд. аударылған
СТОКГОЛЬМ. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат – Швецияның тұрғыны өзінің банктік шотында оған Nordea банкі қателесіп аударған 1,13 млрд. долларды көріп, адам айтса нанғысыз жағдайды бастан кешті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап.Дүйсенбі күні кейбір ағымдағы шоттарға төлем жасау мақсатында интернет-банкке кірген Корнелия Йоханссон өзінің шотында орасан үлкен соманы көреді.
«Баланс 10 млрд. (швед) крона сомасынан асып түскен. Банктің түсініктемесінде несиелік картасынан бұған дейін қаражаттың есептен қате шығарылуына байланысты аударылғаны көрсетілген», ? деп мәлімдеді Корнелияның досы жергілікті БАҚ-қа берген сұхбатында.
Сейсенбі күні таңертең шотта болған ақша, бірақ бірнеше сағат өткеннен кейін оқыстан қалай пайда болса, солай жұмбақ күйінде жоқ болады.
Скандинавия түбегі аумағындағы аса ірі Nordea банкінің баспасөз қызметі орын алған оқиғаны «банктік қатенің салдары» деп түсіндірді.