Bank of America бағалы қағаздармен алаяқтығы үшін 200 млн. доллардан астам айып төлейді

АСТАНА. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат - АҚШ-тың ірі коммерциялық банкі Bank of America (BofA) муниципалды облигация шығаруда - бағалы қағаздармен алаяқтық жасағаны үшін 200 млн. доллардан астам айып төлейтін болды, деп хабарлайды РБК.

Bank of America бағалы қағаздармен алаяқтығы үшін 200 млн. доллардан астам айып төлейді

Осы соманың 36 млн. долларын BofA АҚШ бағалы қағаздар жөніндегі комиссиясы мен биржасына (SEC) заңсыз алынған табысы үшін өтемақы ретінде төлейді. Ал 25 млн. доллар сол алынған табыстан төленбеген салық ретінде АҚШ-тың Салық басқармасына жөнелтіледі. Тағы да 101 млн. доллар федеральдық және мемлекеттік органдардағы өндіруші құрылғыларды сатып алған сатып алушылардың арасында бөлініске түседі. 62, 5 млн. долларды банктің алаяқтығынан зардап шеккен инвесторлар алатын болады.