Bank of America: Екі айдан кейін мұнайдың әлемдік бағасы $40-дан төмендейді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні, 16 ақпанда мұнай бағасы тағы төмендей бастады. Бұл туралы Reuters хабарлады.
Осылайша, сәуір фьючерстерінде Brent маркілі мұнайдың бір баррелі 0,31%-ға, 61,33 долларға дейін арзандады. Наурыз айында жеткізілетін WTI маркілі мұнайдың баррелінің құны 0,21%, 52,67 долларға дейін төмендеді.
Bank of America Merrill Lynch сарапшыларының пікірінше, алдағы екі айда мұнайдың әлемдік құны арзандап, бір баррелі шамамен 40 доллардан төмен бағаға сатылады.
Мұнайдың әлемдік бағасы өткен жылдың жазынан 50%-ға дейін төмендеді. Сарапшылар мұны нарықтағы ұсыныстың көбеюімен байланыстырады.