Банк секторының сыртқы қарыз мәселесі шешілді - ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Г.Марченко
/strong>Сәуірдің 21-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстанның тұтас сыртқы қарызы қазір 111 миллиард долларды құрайды.
Оны Ұлттық банк төрағасы бүгін Алматыда өткен онлайн-конференцияда айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Сыртқы қарыздың құрылымында мемлекеттің үлесі 2 миллиард долларды, банк секторының үлесі 28-ге және корпоративтік сектордың үлесі 48 миллиард долларға жуықтайды. Банк секторының қарызы соңғы 2,5 жылда күрт қысқарды. Альянс банк, БТА банк және Темір банктегі қайта құрылымдаудан кейін ол тағы 10 миллиард долларға қысқарады. Біздің оймызша, банк секторының сыртқы қарыз мәселесі шешілді", дейді Григорий Марченко. Ұлттық банк төрағасының айтуынша, корпороативтік сектордың сыртқы борышы негізінен фирмааралық қарыз. Яғни ірі шетелдік банктер Қазпақсианға инвестиция салған кезде қаражаттың белгілі бір бөлігін өздерінің еншілес компанияларына несие ретінде береді. Сондықтан онда қазақстандықтардың ешқандай міндеттемесі жоқ.
"Егер корпоративтік сектор сырттан заем алуға тым әуестеніп кететін болса, банк секторында орын алған жағдай қайталануы мүмкін. Дегенмен, қазіргі таңда корпоративтік сектордың сыртқы қарызында ешқандай мәселе туындап отырған жоқ", дейді Григорий Александрович.