«Банк Тұран Әлем» төрағасына қарақшылық шабуыл жасап, ақша талап еткен күдікті ұсталды

АСТАНА. Маусымның 8-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Алматыда ІІД криминалдық полиция қызметкерлері 2002 жылы «Банк Тұран Әлем» төрағасынан 2 миллионнан астам АҚШ долларын бопсалап,

«Банк Тұран Әлем» төрағасына қарақшылық шабуыл жасап, ақша талап еткен күдікті ұсталды
оның қызметтік автокөлігін өртеуді ұйымдастырған күдіктіні ұстады. Бұл туралы бүгін ІІМ-де өткен апталық брифинг барысында Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қылмысқа қатысы бар болуы мүмкін азамат - халықаралық іздеуде жүрген 40 жастағы Астана қаласының тұрғыны.2002 жылы «Банк Тұран Әлем» акционерлік қоғамының төрағасына қатысты ақша бопсалау мақсатында бірқатар қылмыстық істер жасалған болатын. Атап айтсақ, 2002 жылы маусымның 17-сі күні қылмыстық топ «Банк Тұран Әлем» акционерлік қоғамының қызметтік көлігіне жанатын қоспасы бар бөтелкені лақтырып, өртеп жіберген. Кейін бірер күндер өткенде банкирге шабуыл жасап, жеке күзетшісін жаралаған. Оның жүргізушісіне де жәбір көрсетіп, мүлігін иемденіп кетеді. Қылмыстық топ мүшелері осы әрекеттері арқылы банк басшысын қорқытып, ақша талап етеді. Бірнеше рет оған телефонмен хабарласып, Латвия сауда банкіне ақша аудару туралы хаттар жібереді.Қазіргі уақытта қылмыстық іс ҚР ҰҚК тергеуінде. Қылмысқа қатысқан топ мүшелерін іздестіру шаралары жүріп жатыр.