Банк жеке тұлғаның автокөлігін заңсыз кепілдікте ұстаған

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы қаласының Бостандық аудандық соты талапкер Е. Сүйімбаевтың «ForteBank» АҚ-на, «Альтернативтік қаржылар» АҚ-на кепілді тоқтату және жылжымалы мүліктің ауыртпалықтарын жою туралы талап арызын қанағаттандырды.
None
None

Бұл туралы бүгін Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінен хабарлады.

Е. Сүйімбаев кезінде қаржылық лизинг келісімшарты негізінде «Альянс Лизинг» АҚ арқылы «Toyota Prado » автокөлігін сатып алған.

Талапкер лизингтің келісімшарт бойынша міндеттемені толықтай орындаған және де 2007 жылдың 23 тамызында «мүліктің толық иегері атандым» деп есептеп, қаржылық лизингтің шартын тоқтату туралы келісімшартқа отырады.

Ал 2014 жылы автокөлікті сату кезінде ол автокөліктің әлі де «Альянс Банк» АҚ-та кепілде тұрғанын білген.

«Альянс Лизинг» АҚ-на хабарласқан кезде ол «Альтернативтік қаржылар» АҚ болып өзгергені анықталған. Оның талапкерге тиесілі автокөліктің ауыртпалығынан шешу туралы жазбаша өтінішіне «Альянс Банк» АҚ жауап беруден бас тартқан. Сөйтсе, «Альтернативтік қаржылар» АҚ «Альянс Банк» АҚ-ының алдындағы өз міндеттемелерін орындамаған. Сонымен бірге, «Альянс Банк» АҚ «ForteBank» АҚ -на қосылып, құқықтық мирасқор болып бекітілген.

Осылайша, сот Е. Сүйімбаевтың кепілді тоқтату және жылжымалы мүліктің ауыртпалықтарын жою туралы талап арызын толығымен қанағаттандырды.

Ал Алматы қалалық сотының апелляциялық сот алқасы «ForteBank» АҚ өкілінің апелляциялық шағымын қанағаттандырған жоқ.

Соңғы жаңалықтар