Банкирдің өлімі: Тергеуге америкалық мамандар тартылды
Адвокат Евгений Яворскийдің сөзінше, 20 жылдық тәжірибесі бар шетелдік мамандар банкир Ержан Тәтішевтің өліміне қатысты жеке сараптамалар жүргізген. Майкл Патрик Мёрфи, Скотт Майкл Перкинс және Ирис Делли атты криминалистер 27 ақпан күні Таразда өтетін кезекті сот отырысында куәгер ретінде жауап береді.
«Америкалық мамандар осы салада тәжірибелі саналады. Мәселен, Ирис Делли суық қару қолдану бойынша білікті маман болып табылады. Біз сотта шетелдік криминалистердің сотта сөйлеуін, олардың жүргізген сараптама қорытындыларын қабылдау бойынша талап-арыз түсірмекшіміз», - деді Евгений Яворский.
Десе де қорғаушы америкалық мамандардың қандай қортынды шығарғаны туралы ашып айтпады. Тәтішевтер отбасының мүддесі үшін оны құпия сақтап, тек сотты күтуді сұрады. Бірақ төртінші сараптама қорытындыларына қарағанда, айырмашылық бар екенін жасырмады.
«Неміс қаруы жаңа болған. Алматыда жасалған сот-сараптама қорытындысы төртінші сараптамада қаруға конструктивті өзгерістер жасалғанын көрсеткен»,- дейді адвокат.
Сондай-ақ, қорғаушы Тәтішевтер отбасы банкирді қасақана өлтірген деп есептейді. Алайда марқұмның туыстарының адам өлтіруге не себеп болғанын ашып атқан жоқ.
Естеріңізге салсақ, «КазСтройСтекло» ЖШС-нің басшысы Мұратхан Тоқмәди «Банк Тұран Алем» АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы Ержан Тәтішевті өлтіру дерегі бойынша айыпталуда. Бұл туралы ҚазАқпарат бұған дейін жазған болатын.