Банкоматтан ірі көлемде ақша шешіп алмақ болған қарағандылық 5 жылға сотталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотында ҚР ҚК 24-бабы 3- бөлімі (Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу), 188-бабы 4-бөлімі (Ұрлық) көзделген қылмыстарды жасады деп айыпталған А-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды, деп хабарлайды соттың баспасөз қызметінен.
Сот барысында белгілі болғандай, сотталушы А. белгісіз тұлғамен Н.Әбдіров даңғылында орналасқан «АТФ Банк» АҚ-ның банкоматына келеді. А. газды дәнекерлегішпен банкоматтың ЕЕР-клавиатурасына қол жеткізу үшін 7х5 см көлемінде бұрғылайды, ал белгісіз тұлға банкоматтың карт-ридерын кесіп және диспансерді басқару үшін ноутбукқа арнайы орнатылған бағдарлама арқылы баумен қосылады, олар 7 303 500 теңге көлеміндегі банкоматта жатқан ақша қаражатын шешіп алуға әрекеттер жасайды. Алайда, олар қылмыс жасап жатқан жерінен байқалып қалып, өз ойларын аяғына дейін жүзегеасыра алмады, белгісіз тұлға қылмыс жасау орнынан жасырынып қалды.
Сот үкімімен А. ҚР ҚК 24-бабы 3-бөлімінде (Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) - 188- бабы 4-бөлімінде (Ұрлық) көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды және берілген бап бойынша мүлкі тәркіленіп, 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.