Банкоматты ұрлап кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Брянск қаласында белгісіз біреулер сауда орталығындағы банкоматты ұрлап кеткен, деп хабарлады құқық қорғау органдарындағы дереккөз.
«Дүйсенбі күні Мәскеу уақыты бойынша сағат 20:00 шамасында белгісіз біреулер Авиациялық тұйық көшесіндегі «Айсберг» сауда орталығы ғимаратына баса-көктей кіріп, арнайы құралмен осында орнатылған банкоматты орнынан жұлып алған да көлікке тиеп, белгісіз бағытта бой тасалаған».
Ұрланған ақша сомасы нақтылануда.