«БанкПозитив Қазақстан» АҚ атауы өзгерді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасының (KASE) мүшесі болып табылатын «БанкПозитив Қазақстан (Апоалим Б.М. банкінің Еншілес банкі)» АҚ (Алматы), заңды тұлғаны 2016 жылдың 19 қаңтарында мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтама көшірмесін ұсынды.

«БанкПозитив Қазақстан» АҚ атауы өзгерді

 Оған сәйкес оның жаңа атауы  - «EU Bank АҚ («Еуразиялық банк» АҚ Еншілес банкі» болып табылады, деп жазады kase.kz.

Аталмыш құжатқа сәйкес «EU Bank АҚ («Еуразиялық банк» Еншілес Банкі АҚ)»: Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қ, Алмалы ауданы, Төле Би,  83 үй.