Банкрот болған бизнесмен Мәскеу орталығындағы банкті басып алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәрсенбі кешке қарай белгісіз ер адам Мәскеу орталығындағы «Ситибанкті» басып алды. Ол төрт адамды кепілге алып, бөлімшені жарып жіберетіндігін айтып, полициямен келіссөз жүргізуді талап етті, деп хабарлайды ресейлік РИА Новости агенттігі.

Банкрот болған бизнесмен Мәскеу орталығындағы банкті басып алды

Кәсіпкер ғаламторда Ресей президентіне видео үндеуін жария етті, онда ол өзінің заң бұзуға не мәжбүр еткенін айтып өткен.

Оның кеудесінде жарылғышқа ұқсайтын қорап бар. Оқиға орнына ІІМ басшысы МВД Владимир Колокольцев пен астаналық Тергеу комитетінің жетекшісі Александр Дрыманов келіп жеткен. Тергеу комитеті адамдарды кепілге алу бойынша іс қозғады. Банк тұрған көше жабылып, онда арнайы жасақ және саперлер тартылды.

Келіссөздерден кейін ер адам екі кепілге алынған адамды босатты, кейін тағы бірі сыртқа шықты.

Дереккөздердің хабарлауынша банкті Арам Петросян атты банкрот болған кәсіпкер басып алған.

Оқиғаға куә болғандардың хабарлауынша, ол банкке түстен кейін келіп өзінің жоспарын мәлім еткен. «Ер адам түстен кейін банкте отырған. Ол қызметкердің біріне келіп есеп шот ашқысы келетіндігін сондвқтан банк басқарушысын шақыруды талап еткен. Бұдан соң ол банктің қызметіне қарсы еместігін, оған ақша алудың қажеті жоқтығын, тек банкті басып алатындығын жеткізген», - деп атап өткен дереккөз. 

© Фото: "Москва" агенттігі/Никеричев Андрей