Банкроттық бойынша 86 мың өтінім келіп түсті – Қаржы министрлігі

Около 500 астанчан признаны банкротами
Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Соттан тыс банкроттықты қолдану үшін 84 мыңға жуық адам жүгінді. Бұл туралы Сенатта өткен жиында депутат Сұлтанбек Мәкежанов айтты.

Депутат заңда соттан тыс және сот арқылы банкроттық, сондай-ақ төлем қабілеттігін қалпына келтіру рәсімі қамтылғанын еске салды.

«Бұл үш рәсім борышкерлерден өтініш болғанда ғана басталатыны белгілі. Қазір соттан тыс банкроттықты қолдану үшін 84 мыңға жуық адам жүгінсе, сот банкроттығы рәсіміне 2 мыңға жуық адам өтініш берген. Ал төлем қабілеттігін қалпына келтіру рәсімі 4 адамға ғана қолданылып жатыр», - деді С. Мәкежанов.

Оның айтуынша, тиісті талдау жұмыстары аясында азаматтарға банкроттық немесе төлем қабілеттігін қалпына келтіру рәсімдерін пайдалануға кедергі жасайтын бірқатар проблема мен заңнамалық кемшіліктер анықталды. Біріншіден, кредиторлар мен коллекторлар кредиттік бюроға борышкерлер туралы қисынсыз деректер ұсынған. Екіншіден, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қалыптастырған кредиторлар тізімінде кейбір қаржы ұйымдары қамтылмаған.

Өз кезегінде Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Миятов жалпы 86 мың өтінім келіп түскенін растады.

«Соның арасында 67 мың өтінішке қолдау жасалмады. Азаматтардың 60 пайызға жуығында қарыз сомасы бойынша сәйкестік болмаған және қарызды төлемеу мерзімі 12 айдан аспаған. Екінші себебі – банк мекемелерімен немесе микроқаржы ұйымдарымен арада қарызды реттеу туралы құжаттар болмады, яғни мұндай жағдайлар шамамен 30 пайызға жуықтады. Сонымен қатар, қалған жеке тұлғаларда немесе олардың әйелдерінің меншігінде мүлкі бар екені анықталды, бұл өз кезегінде өтініштерін қабылмауға негіз болды», - деді Қ. Миятов.

Оның сөзіне қарағанда, қазір 9 841 адам банкрот деп танылған, қарыз сомасы 20 млрд теңгеге жуықтады.

Атап айтқанда, 2023 жылы 3 наурыздан банкроттыққа өтінім қабылдау басталады

Соңғы жаңалықтар