Банкроттық рәсімге арыз берген тұрғын қарызын 180 млн теңгеге артық көрсеткен

банкроттық
Фото: ҚазАқпарат ХАА

Алматы облысының тұрғыны 182 млн теңге берешегім бар деп банкроттық рәсімге арыз берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға 65 мыңнан астам өтініш түсті. 52,9 мыңынан бас тартылды. Бұл рәсім 3 наурыздан бастап 11 мыңнан астам азамат үшін басталды. 6 айлық мониторинг сәтті өтіп, берешек сомасы 2,7 млрд теңге болатын 948 азамат банкрот мәртебесіне ие болды», - деп атап өтеді Мемлекеттік кірістер комитеті агенттіктің ресми сауалына берген жауабында.

Ведомство мәліметінше, өтініште ең көп қарыз сомасын көрсеткен Алматы облысы азаматының берешегі 182,7 млн теңге болған.

«Бұл ретте кредиттік бюроның деректері бойынша осы өтініш берушінің жалпы қарызы 2,2 млн теңге болған. Өтініш берушілердің ең көп саны Түркістан (9,2 мың), Алматы облысы (7,6 мың) және Алматы қаласында (5,2 мың арыз). Солтүстік Қазақстан облысы (921) мен Ұлытау ауданының (588) 1 мыңға жетпейтін азаматы банкроттыққа арыз берді. Бүгінгі күні төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот банкроттығы рәсімінің нәтижелері жоқ», - деді комитеттен.

Соңғы жаңалықтар