Банкроттық мәселелер бойынша Парламенттегі заң жобасы жұмыс орындарын барынша сақтап қалуды көздейді
«Бүгінде Парламент Мәжілісімен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралуда. Бұл құжат банкрот болып талынылған бизнесті сақтап қалудың жаңа мүмкіндіктерін енгізуді қарастырады», - деді сарапшы. Оның сөзіне қарағанда, бұл бағытта банкроттықтың кез келген сатысында таратылудан оңалтуға көшу мүмкіндігі, борышкер мен кредитор арасында бітімгершілік келісімді жасасу, банкроттың компаниясын сату мен меншік иесін ауыстыру секілді баламалы тәсілдерді енгізу көзделген. «Банкроттықтың алдын алу мақсатында жаңа тетік ұсынылады, яғни ол барлық борыштар бойынша тұрақсыздық айыбын және сыйақыны есепке жазуды тоқтатумен борышкер мен кредитор арасындағы үш жылдық келісім негізінде төлем қабілетсіздігін реттеу ескерілген. Сонымен қатар, заң жобасы оңалту рәсімі қолданылған немесе банкрот деп танылған борышкерге қатысты дауларды қарау бір судьяға белгілеуді және апелляциялық сатыда сот актілеріне шағымдануды шектеуді көздейді. Заң жобасын іске асыру әрекеттегі өндірісті, жұмыс орындарын барынша сақтап қалу, сондай-ақ оңалту және банкроттық рәсімдерін өткізу мерзімдерін қысқартуды қамтамасыз етуге ықпалын тигізеді»,- деді С. Сисембаева.