Банкроттықты оңалту басқармасының конкурстық басшысына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылғы 27 маусымда Қаржы полициясы агенттігі Астана қаласы бойынша банкроттықты оңалту басқармасының конкурстық басшысы Е. Қожахметке қатысты пара беруге азғыру және алаяқтық фактілері бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Қаржы полициясының баспасөз қызметінен.

Банкроттықты оңалту басқармасының конкурстық басшысына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

Ол 2014 жылғы 19 маусымда жеке кәсіпкерді алдау және сеніміне қиянат жасау арқылы мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына 1 млн.теңге көлемінде пара беру сылтауымен кәсіпкердің 400 мың теңгесін иеленген деп айыпталуда.

Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес Қожахметтің өз кінәсін толық мойындауына және жиналған дәлелдемелерге күмән келтірмеуіне байланысты оның келісімімен бұл фактілер бойынша өндіріс қысқартылған тәртіпте жүргізілді.

30 маусымда қылмыстық іс материалдары прокуратура органдарына жолданды.

Қазіргі күні қылмыстық іс сотта қаралуда.