08:58, 02 Маусым 2009 | GMT +5
Банктегі депозиттік есепшоттан 9 миллиондай теңге ұрлағандар ұсталды
АСТАНА. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат - Елордалық қаржы полициясы банк депозитінен ақша ұрлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қаржы полициясының Астана қаласы бойынша департаменті екінші деңгейлі банктердің бірінің елордалық филиалының қызметкерлерін алдап және олардың сеніміне кіріп, К., деген азаматтың атынан жалған сенімхатты көрсетіп, оның депозиттік есепшотындағы 8,7 миллион теңге соманы ұрлаған екі азамат пен тұлғалары әзірге анықтала қоймаған тағы бір топ азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғады.