Банктер ашық жұмыс істейтін кәсіпкерлерді қаржыландыруға дайын екенін білеміз - Президент

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Банк секторының ірі инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды кредиттеу мүмкіндіктерін кеңейту қажет. Бұл туралы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Отандық банктерді бизнес пен инвестиция үшін қолайлы жағдай жасау жұмыстарына тарту өте маңызды. Банк секторының ірі инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды кредиттеу мүмкіндіктерін кеңейту қажет. Тиісті тапсырманы мені Экономиканы кредиттеуді кеңейту жөніндегі іс-шаралар туралы Жарлық аясында бердім», - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев сонымен қатар шағын мен орта бизнес қолжетімді банктік кредиттен тыс қалып отырғанын баса айтты.

«Бұған қоса, біз банктерді ақша бар екенін және олар ашық жұмыс істейтін кәсіпкерлерді қаржыландыруға дайын екенін білеміз. Сондықтан банктердің өздерінің жұмысын қайта баптаудан бөлек банктер мен мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерін интеграциялауды және ақша ағындарын цифрландыруды күшейту қажет. Бұл банктердің бизнеске, әсіресе шағын және орта бизнеске сенімін нығайтуға мүмкіндік береді», - деді Президент.


Соңғы жаңалықтар
telegram