Банктер депозиттерді қайта рәсімдеуге салымшылардан 400 000 жуық өтініш қабылдады

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басқармасының 2015 жылғы 30 қыркүйектегі №177 қаулысымен еркін өзгермелі айырбастау бағамы режіміне өтуге байланысты жеке тұлғалардың ұлттық валютада (теңгеде) ашылған депозиттері бойынша өтемақы төлеу тәртібіне өзгерістер енгізілді.
Бұл өзгерістермен Ұлттық банктің сайтынан «Қаржылық қызметттерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау» бөлімінен оқуға болады. Салымшылар Тәртіп шеңберінде өтемақыны алу үшін 2015 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде салымды қайта рәсімдеу үшін банкке өтініш беруге тиіс.
Банктердің сіздің салымыңыз орналастырылған бөлімшесінен, сондай-ақ Ұлттық банктің Алматы қаласы, Әйтеке би 67 мекенжайындағы Қоғамдық қабылдау бөлмесінен, Ұлттық банктің аумақтық филиалдарынан мына телефондар бойынша: 7 (727) 2 788 058, 2 619-234 түсіндірулер және кеңестер алуға болады.