Банктер енді жекеменшік капиталын Ұлттық банк шығарған қаулыға сай есептеуге міндетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банктің «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» қаулысына сәйкес, енді жекеменшік тұлғалардың шет ел валютасындағы депозиттері 2016 жылғы 1 қаңтарда белгілеген курс бойынша, яғни, бір доллар үшін 340,01 доллар және бір еуро үшін 371,46 еуро көлемінде есептеледі.
«Меншікті капитал жеке тұлғалардың теңгедегі және шетел валютасындағы депозиттерінің сомасы мен бухгалтерлік баланстың деректеріне сәйкес, 5,5-ке көбейтілген меншікті капиталдың арасындағы оң айырмасын шегергендегі бірінші деңгейдегі капитал мен екінші деңгейдегі капиталдың сомасы ретінде есептеледі. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген меншікті капиталды есептеу мақсаттары үшін: жеке тұлғалардың шетел валютасындағы депозиттерінің сомасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2016 жылғы 1 қаңтарда белгілеген теңгенің шетел валютасына қатысты ресми бағамы бойынша есептеледі;
жеке тұлғалардың депозиттері сомасы мен бухгалтерлік баланстың деректеріне сәйкес, меншікті капиталдың арасындағы оң айырма мынадай мөлшерде енгізіледі:
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап - 0 (нөл) пайыз;
2016 жылғы 1 ақпаннан бастап - 20 (жиырма) пайыз;
2016 жылғы 1 наурыздан бастап - 40 (қырық) пайыз;
2016 жылғы 1 сәуірден бастап - 60 (алпыс) пайыз;
2016 жылғы 1 мамырдан бастап - 80 (сексен) пайыз;
2016 жылғы 1 маусымнан бастап - 100 (бір жүз) пайыз.
Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде белгіленген талаптар меншікті капиталы бірінші деңгейдегі капитал мен екінші деңгейдегі капиталдың сомасы ретінде есептелетін тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне қолданылмайды»,-делінген қаулы мәтінінде.
Сондай-ақ, осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде белгіленген талаптар меншікті капиталы бірінші деңгейдегі капитал мен екінші деңгейдегі капиталдың сомасы ретінде есептелетін тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне қолданылмайды.