Банктер құнды қағаздар табысынан салық төлеп жатқан жоқ – Альберт Рау

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Президент Жолдауында экономикадағы несиенің үлесі төмен екені баса айтылды. Мәжіліс депутаты Альберт Рау бұл мәселеге Мемлекет басшысы бекерден назар аудармағанын айтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мені шынымен, экономикадағы несиелердің үлесі алаңдатып жүрген. Кейінгі екі жылда Үкіметтің атына осы мәселені көтеріп келемін. Қазіргі көрсеткіш – 20%. Қалыпты көрсеткіш – 50%. Ресейде ол көрсеткіш – 40%, Қытайда – 60%. Ал дамыған елдерде жалпы ішкі өнім мен экономикадағы несиенің көлемі қарайлас. Экономикадағы 20% несиенің 60% – тұтыну несиесі. Ондай экономика өсе ала ма? «Бәйтерек» оны өтеп бере ала ма? Үкімет банктерге төлем қабілетін 4 трлн теңге көлемінде құнды қағаздарда ұстап тұруға жағдай жасап қойғанын айтып жүрмін. Онымен қоймай табысынан салық төлеп жатқан жоқ

, - деді депутат Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін.

Сондай-ақ ол тұтыну несиесі жоғары болып тұрған Қытайдың мысалын келтірді. Айтуынша, ол елде тұтыну кредиті жоғары болғанмен, өнімнің бәрі өзінде шығатындықтан, бұл экономикаға тиімді.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы банктер тұтыну несиесімен әуестеніп кеткенін сынға алған болатын.

Мұндай ахуал Үкіметті тікелей қаржыландырумен, кепілдік және субсидия берумен айналысуға мәжбүрлейді. Бұл тәсіл тиімсіз, көп қаражатты талап етеді әрі нарықтық экономика қағидаларына қайшы келеді. Сонымен бірге, нақты секторға берілетін кредит азайып жатқанда банктер тұтыну несиесімен әуестеніп кетті. Осы жағдай қаржы жүйесіне төнетін сын-қатерлердің көбеюіне және азаматтардың шектен тыс қарызға батуына әкеп соқтырды

, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында.


Соңғы жаңалықтар