Банктердің экономиканы кредиттеуі биыл 10 пайызға дейін өсетін болады- Г. Марченко

АЛМАТЫ. 9 ақпан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Банктердің экономиканы кредиттеуі былтыр алдыңғы жылмен салыстырғанда 0,6 пайызға төмендеді. Оны Ұлттық банк төрағасы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтты.
None
None

"Банктердің экономиканы кредиттеуі биыл 10 пайызға дейін өседі деп болжанып отыр. Мұндай болжам өткен жылы да жасалған болатын. Алайда ол алдыңғы жылмен салыстырғанда өсудің орнына 0,6 пайызға дейін төмендеп кетті. Үкімет ұсынған заемшыларды субсидиялау мөлшерлемесі, шағын және орта бизнес заемшылары қарызының негізгі сомасының 50 пайызын кепілдендірудің ықпалы әзірге шектеулі болып отыр", - дейді Г. Марченко.

Оның айтуынша, қазір Үкіметте банктердің экономиканы ынталандыруының тағы бірқатар тетіктері талқылануда. Сондай-ақ 2010 жылы банктердің балансына провизия жасалды. Бұл да оларды ынталандырмақ.

Ұлттық валютадағы кредиттердің көлемі былтыр 11,1 пайызға артып, шетел валютасында 13,1 пайызға төмендеді. Желтоқсанда теңгедегі кредиттердің үлесі қарашамен салыстырғанда 56,8-ден 57,7 пайызға дейін ұлғайды. Банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 12,9 пайыз, жеке тұлғаларда 20,3 пайыз болды.

Соңғы жаңалықтар