Банктердің операциялардан тапқан пайдасына салық салуды қарастырамыз - Сенат төрағасы

АСТАНА. ҚазАқпарат – «Қазақстанда жұмыс істейтін банктердің операциялар арқылы тауып жатқан пайдасына салық салу мәселесін қарастырамыз». Qazaqstan ұлттық телеарнасының «Бас тақырып» бағадарламасына сұхбат берген Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Бүгінгі күні барлық банк несиелеріне қарайтын болсақ, соның 34%-ы – тұтынушылық кредиттерге берілген. Шағын және орта бизнеске берілген несиелердің үлесі 25-26% көлемінде. Демек, банктерге экономиканың нақты салаларына ақша салғанша, қарапайым азаматтарға тұтынушылық несие берген тиімді, пайызы көп және тәуекелі де аз. Неге бұлай болып отыр? Себебі, кәсіпкерлерге несие бергенге қарағанда, мемлекеттің құнды қағаздарын ала салған жеңілдеу, пайызы да өте жоғары. Мәселен, Ұлттық банк ноталарына жылдық 14,5% төленеді. Мұнда тәуекел жоқ. Президент бұл саясатты өзгерту қажеттігін айтты. Сол себепті, банктердің операциялар арқылы тауып жатқан пайдасына салық салу мәселесін қарастырамыз», - деп мәлім етті Мәулен Әшімбаев.

Сенат төрағасы атап өткендей, салық салуды енгізу үшін алдымен тиісті заңдарға өзгеріс енгізіледі. Бұл бағыттағы кейбір заңдар Парламенттің қарауына түссе, ал қалғаны енді енгізіледі.


Соңғы жаңалықтар