Банктердің тұрақтылығын қамтамасыз ету жұмыстары жалғасады - Данияр Ақышев
«Ұлттық банк мұнай бағасы төмендеген кезде Қазақстан Республикасының 2019 - 2023 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарына өзгерістерді қолдайды. Бұл ретте, болжамдағы теңгенің айырбастау бағамының есеп айырысу мәні біз үшін бағдар емес. Ұлттық банкі өзгермелі айырбастау бағамы режимін сақтайды», - деп түсіндірді ол.
Д.Ақышевтің айтуынша, Ұлттық банктің инфляция бойынша ортамерзімді мақсаты 4 пайызға жуық деңгей болып қалады.
«Экономикадағы инфляциялық ая жоғары болып қалуда. Инфляцияның 2019 жылдың дәлізінен тыс 4-6 пайыз шығу тәуекелі сақталуда. Инфляцияның өсуін болдырмау үшін ақша-кредит саясатын одан әрі қатаңдатуға болады. Сонымен қатар базалық мөлшерлеме нақты көрсетуде экономиканың ұзақ мерзімді өсу қарқынынан аспайды», - деді ҰБ төрағасы.
Ол Қазақстан Ұлттық банкі банктерді қалыпқа келтіру және тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмысты жалғастыра беретіндігін де айтты.
«Бұл шаралар «7-20-25» бағдарламасын іске асыру және банктерге 600 млрд теңге шегінде өтімділік беру банктердің кредиттік белсенділігінің өсуіне ықпал етеді», - деді Д.Ақышев.