Банктердің ұзақ мерзімдік несиелеуі ұлғайды

АЛМАТЫ. Желтоқсанның 11-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Банктердің экономикаға несиелері бойынша негізгі борышының жалпы көлемі қазанда 0,8 пайызға төмендеді.

Банктердің ұзақ мерзімдік несиелеуі ұлғайды

Бұл Ұлттық банк төрағасының кеше Алматыда өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды , деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлттық валютадағы несиелер бойынша борыштың көлемі 0,3 пайызға ұлғайып, шетел валютасында 1,9 пайызға азайды. Теңгедегі несиелердің үлес салмағы қыркүйекпен салыстырғанда қазанда 48,6-дан 49,2 пайызға өсті.

Ұзақ мерзімді несиелеу 0,4 пайызға ұлғайып, қысқа мерзімді несиелеу 2,8 пайызға төмендеді. Нәтижесінде ұзақ мерзімді несиелердің үлес салмағы қазанда қыркүйекпен салыстырғанда ұлғайып 84,2 пайыз болды. Заңды тұлғаларға несиелер бойынша борыш сомасы 0,7 пайызға кеміді. Ал жеке тұлғалар бойынша 1 пайызға  төмендеп, олардың  үлес салмағын 1 айда 28,8 пайыздан 28,7 пайызға кеміді. Ал шағын кәсіпкерлік субьектілерінің несиелек борышы 0,1 пайызға өсіп, экономикаға берілген жалпы несие көлемінің 21,9 пайызын құрады. Банктердің экономикаға несиелері бойынша  борыштарының 23 пайызын сауда, 19,4 пайызын құрылыс, 9,5 пайызын өнеркәсіп, 3,5 пайызын ауыл шаруашылығына тиесілі. Қазанда жеке тұлғаларға валютамен берілген несие бойынша орташа сыйақы мөлшерлемесі 20,2 пайыздан 20,3 пайызға, заңды тұлғаларға 15 пайыздан 15,2 пайызға ұлғайды.