Банктердің жаңа класын құруымыз қажет- Нобель сыйлығының лауреаты Эдмунд Фелпс

АСТАНА. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында болғаннан кейін өткен брифингте Нобель сыйлығының лауреаты Эдмунд Фелпс әлемдік қаржы дағдарысынан шығудың жолы қаржы секторын қайта ұйымдастыру мен банктердің жаңа класын құруда жатқанын айтты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Дағдарыстың пайда болуы себептеріне тоқталған ол, оны еңсеруге байланысты өзінің пікірімен бөлісті. «Бұл дағдарыстан шығу бағытында біз қаржы секторын қайта ұйымдастыруымыз қажет. Біз бұрынғы қалпындағыдай коммерциялық инвестициялық банктерді қайта жасамауымыз керек. Біз банктердің жаңа класын құруымыз шарт. Олар ұзақ мерзімді инвестициялар мен инновациялар үшін бизнес-құрылымдарға заемдар беруге мамандандырылатын болады», - деді Эдмунд Фелпс.
Соңғы жаңалықтар