Банктерге стресс-тестілеу нәтижесі 2016 жылдың қыркүйегінде жария етіледі - Д.Ақышев
Ұлттық банк тарабынан қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар жалғасатын болады. Стресс-тестілеу жүргізіледі. Оның нәтижесі стресстік сценарийді жүзеге асыруда банктердің әлеуеттік шығындарының көлемін және капиталдандырудің қажетті ауқымын бағалауға мүмкіндік береді. Бұл жұмыстың қорытындысы 2016 жылдың қыркүйегінде ұсынылатын болады»,- деді Д.Ақышев.
Сонымен қатар ол қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында Ұлттық банк мерзімдері бойынша Базель-3-ке барынша жақын халықаралық стандарттарды бір мезгілде олардың қайталанатын ағымдағы нормалары мен лимиттерін жоя отырып ендіру есебінен реттеуші талаптарды оңтайландыруды жүргізетіндігін айтты.
«Бұл шаралардың нәтижесі отандық банктердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болуы тиіс. Аталған жайт Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі және ЕАЭО жұмыс аясындағы бәсекелестіктен жалтаруға мүмкіндік беруі қажет», - деді ол.
Д.Ақышев өз сөзінде қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселесі кешенді болып табылатындығын, бұл ретте Ұлттық банк шараларын жүзеге асыру салықтық қолдау элементтерімен толықтырылуға тиіс екендігіне ерекше тоқталып өтті.
«Атап айтқанда, бұл жұмыс істемейтін кредиттерді есептен шығару, кешіру немесе басқаға беру операцияларына салық салуға байланысты. Үкіметтен біздің бұл ұсыныстарымызды қолдауларын сұраймыз» - деді Ұлттық банк басшысы.