Банкті тонау кезінде полиция қызметкері мерт болды

АСТАНА. 25 желтоқсан. ҚазАқпарат - Тьюпело қаласында (Миссисиппи штаты) банкті тонаушылармен болған атыс кезінде полиция қызметкерінің бірі қаза болды, оның серіктесі ауыр жарақат алды, деп хабарлады Associated Press.

Банкті тонау кезінде полиция қызметкері мерт болды

Полиция қызметкерлері қылмыс орнына шұғыл шақыру бойынша жеткен. Полиция басшысы Тьюпело Барта Агуирренің ақпараты бойынша олар күдіктілер көлігінің ізіне түскен, ал қылмыскерлер қуғыншыларға қарсы оқ жаудырған.

38 жастағы Кевин Штауффер оқиға орнында жан тапсырды. Ал 26 жастағы оның серіктесі ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.

ФТБ қылмыскерді ұстауға қол ұшын берген адамға 50 мың доллар көлемінде сыйақы тағайындалғанын жария етті.