Банктің жіберген қателігінен жаңазеландиялық азамат миллионер болды

АСТАНА. 12 маусым. ҚазАқпарат - Жаңа Зеландияның тұрғыны банктің жіберген қателігінен миллионер атанып, содан кейін алаяқтық үшін сотталды, деп хабарлайды Утро.ру.

Банктің жіберген қателігінен жаңазеландиялық азамат миллионер болды

Жаңа Зеландиядағы жанармай құятын орынның иесі, 33 жастағы Хуэй Гао 2009 жылы банкке арызданып, 100 мың жаңазеландиялық доллар (шамамен 77 мың АҚШ доллары) несие беруді сұраған. Кеңседе қателік жіберіліп, оның банктік есебіне жүз есеге көп сома аударылып кеткен. Банк бұл қателігін бірден байқамады, ал алаяқ болса әділ соттан екі жылдай уақыт қашып жүрген. Банк кейбір транзакцияларды жойып, 3 млн. жаңазеландиялық долларды өзіне қайтара алды, сондай-ақ кейбір соманы Гаоны қамауға алудан кейін қайтару мүмкін болды. Сонда да ақшаның бір бөлігі табылмады. 

Гаоға сот кесімін айтқан прокурор Флетчер Пилдич осыған ұқсас оқиғаның енді қайталануы екіталай екенін айтты, өйткені «банк саласының өкілдері бұл сабақты жақсы меңгеріп алды».