БАПОР Газаға көмек көрсетуді тоқтатты

БҰҰ-ның Таяу Шығыстағы палестиналық босқындарға көмек көрсету және жұмыс жөніндегі агенттігі (БАПОР) отын мен коммуникацияның жоқтығына байланысты Газаға азық-түлік пен тауарларды жеткізуді тоқтатты. Каzinform бұл туралы Еuronews-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Таяу Шығыс
Фото: euronews.com

Арнайы агенттік Газаға өз арналары арқылы азық-түлік пен тауарларды енді жібере алмайтынын жариялады. Бұған байланыстың үзілуінен жеткізуді үйлестіру немесе оларға отын таба алмай қалғаны себеп болып отыр. 

БҰҰ Бас хатшысының баспасөз хатшысы Стефан Дюжарриктің айтуынша, Рафах бақылау-өткізу бекетінде көмек жүктері жиналып қалды, бірақ оны алып кету мүмкін емес, өйткені агенттіктің жүк көліктері жоқ. 

«Телекоммуникация желісіндегі ақауларға байланысты бізде Газадағы жалпы жағдай туралы соңғы ақпарат жоқ. Осы жағдай болған кезде Газа секторындағы қызметкерлермен байланысымыз мүлдем үзілді. Қызметкерлеріміздің басым көпшілігі бізбен байланыса алмайды, — деді БАПОР-дың коммуникациялар жөніндегі директоры Джульетт Тума.

Осы арада Израиль армиясы ХАМАС пен сектор аудандарындағы оның филиалдарына қарсы құрлықтағы операцияларын кеңейтуді жалғастыруда, қару-жарақ зауыттары мен ықтимал зымыран ұшыру орындарын іздеп, қиратып жатыр.