BAQ лига: «Хабар» командасы алты дүркін чемпион атанды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –«Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдығы аясында өткізілген BAQ лиганың VI маусымы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

BAQ лига: «Хабар» командасы алты дүркін чемпион атанды

Биылғы маусымның бас жүлдесін «Хабар» командасы жеңіп алып, алты дүркін чемпион атанды.

Екінші орын «Астана ТВ» командасына бұйырса, «Qazaq radiolary» қолаға қол жеткізді. Сондай-ақ, «Qazaq radiolary» Журналистер кубогының финалында «Хабарды» жеңіп, ауыспалы кубокты иеленді. Ал «В» лигасында «Қазмедиа В», «Спорт 59» және «Kazaknews.kz» командалары үздік үштікті құрап, «А» лигасына жолдама алды.

Осы спорттық шараны өткізуге «Egemen Qazaqstan» газеті қолдау көрсеткен.