«Барабаншы» Димаштың видеосын бір күнде 400 мың адам көрген

АСТАНА.ҚазАқпарат - Қытайдың sina.com сайты weibo парақшасына «Singer-2017» ән байқауына қатысып жатқан Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің барабан аспабында өнер көрсеткен видеосын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Барабаншы» Димаштың видеосын бір күнде 400 мың адам көрген

Жанкүйерлер Димаштың өнеріне тәнті болып, нағыз талант иесі, сегіз қырлы бір сырлы жігіт деп баға берген. Ал 1 наурыз күні кеште жүктелген видеоны тамашалаған адамдар саны 400 мыңға жақындаған.

 

Айта кетерлігі, Weibo әлеуметтік парақшасында Димаштың пианинода және Домбырада көрсеткен өнеріне Қытайлық жанкүйерлері ерекше тәнті болған. Ал жобаның алтыншы кезеңінде Димаш өзі пианинода ойнап, Лара Фабианның «Adagio» әнін айтқан болатын.

null 

Бұл күнде Димаштың Weibo әлеуметтік парақшасына тіркелушілер саны 2 миллион 500 мыңнан асты.  

null 

Еске сала кетейік, отандасымыз байқаудың жетінші кезеңінде Қазақ ұлттық аспаптар өркестрінің сүйемелдеуімен «Дайдидау» әнін айтады. Сондай ақ, Димаш сахнада домбырамен өнер көрсететін болады.

null 

Жетінші кезең эфирден 4 наурызда көрсетіледі.